Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Енді қосылмаймын деді»: Гүлзада Тұрлаш Қыран Талапбекпен қалай табысқанын айтты

02.11.2023

779 0

Отандық жас актриса әрі блогер Гүлзада Тұрлаш күйеуі Қыран Талапбекпен танысқан кезін есіне алып, ел білмейтін сырымен бөлісті. Мобилографтың келіншегі сәтсіз аяқталған бірінші некесінен кейін қарым-қатынас құруға қорыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзада Тұрлаш алғаш танысқан кезде Қыран Талапбектің жеке өміріндегі өзгерістерінен хабардар болған. Ол сәтте мобилографтың айырылысып кеткеніне төрт айдың жүзі болыпты. Блогер ару сүйіктісімен қыз-жігіт болып кездеспес бұрын алты айдай онымен тек достық қарым-қатынасты ұстанған.

«Анам екеуміз мейрамханаға кешкі асқа бардық. Сол жерде Қыран да досымен отырды. Менің оны сырттай танитынмын. Талантты жігіт бар екенін білетінмін. Бірақ, аса мән бермедім. Қыран болса «қасындағы енесі болса, ұят болып қалады ғой» деп ойлап қалған екен. Сол кезде қалай танысарын білмей мейрамхананың басшылығынан менің нөмірімді тауып алған. Маған жазды. Бірақ, біз кездеспедік. Алты ай бойы дос болып жүрдік. Алты ай бойы тек телефонмен сөйлесіп жүрдік. Күнде кездесуге шақырады. Мен күнде бір нәрсе ойлап табамын. Кездесуге шықпаудың амалы. Мен қорықтым. Ол кезде Қыранның өмірінде де қиын жағдай болды. Ол да айырылысып кетті. Біз оның айырылысқанына үш-төрт ай болғанда кездестік, таныстық. Сосын тағы алты ай дос болдық.

Ол жаңадан отбасын құрып айырылысып кетті. Менде айырылысқан адаммын. Қалай болады екен деп ойладым. Менде күйеуіммен қосылу деген ой болған жоқ. Ол кезде менің ажырасып кеткеніме екі жылдан астам уақыт болды. Ол да бірінші күннен бастап, маған өз шындығын айтты. «Айырылысқанымызға төрт ай болды. Мен енді қосылмаймын» деп ашығын айтты. Солай алты айдан кейін кездестік. Сосын тағы екі айдай сөйлестік. Содан кейін қыз бен жігіт болып жүріп кеттік. Екі жылға жетпей отбасын құрдық. Қыран маған үшінші кездесуімізде үйленуге ұсыныс жасады», – деді ол «Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: