Сейсенбі, 26 мамыр, 09:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

«Зағиптар қоғамы» клубында қайырымдылық концерт өтті

18.03.2026

185 0

Фото: «Зағиптар қоғамы» клубы

Жалпыұлттық наурызнама онкүндігі бойынша «Қайырымдылық» күні. Осы орайда қалалық «Зағиптар қоғамы» клубында тағылымды шара өтті.

Шара барысында А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Ұлағат» ата-әжелер ансамблі қайырымдылық концертін ұсынып, қоғам мүшелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ, игілікті іске үн қосқан «Орда» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Роллан Бименов зағиптар қоғамының 30 отбасына азық-түлік себеттерін табыстады.

Іс-шара Наурыз мерекесінің басты құндылықтары – мейірім, ізгілік пен жанашырлықты насихаттауға арналды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: