Сенбі, 04 мамыр, 01:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Газа секторында мәйіттерді салуға қаптар жетпейді – БҰҰ

16.10.2023

499 0

Израиль соққыларынан кейін Газа секторында қаза тапқандар саны 2,7 мың адамға жетті. Бұл туралы The Guardian сайты хабарлайды. 

БҰҰ Газада қаза тапқандардың денесін жинауға мәйіт қаптары жетпей жатқанын мәлімдеді.

Израильдің Газа секторына соққыларынан кем дегенде 2750 адам қаза тауып, 9,7 мыңға жуық адам жарақат алды.

«Бесінші күн қатарынан Газада жарық жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері, соның ішінде денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және кәріз нысандары күйреу алдында тұр және азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы артып келеді. Газада таза суға қол жетпей жатыр», – деді БАПОР.

БАПОР-дың айтуынша, Газа секторы тұрғындарының жартысына жуығы үйлерін кетуге мәжбүр болған. 600 мың ішкі қоныс аударушылар сектордың орталығында, оның ішінде 400 мыңы БҰҰ бақылауындағы объектілерде орналасты. Баспаналарда орын, азық-түлік пен су қоры жетіспейді

«Газада барлық мәйіттерді жинауға арналған мәйіт сөмкелері жоқ», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: