Сенбі, 21 желтоқсан, 22:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Халықтың мұң-мұқтажы шешімін табуда

07.09.2024

303 0


Тасбөгет кентінің халқы жылдан жылға көбейіп келе жатқаны белгілі. Қоныстанушылар көбейген сайын мәселелер де туындай береді. Әйтсе де, кент әкімінің халық алдында берген уәделері орындалып жатыр ма? «Уәде» айдарының кезекті қонағы Айдын Тыныштықбаймен сұқбаттасқан едік.

– Кенттің бейіт жақ тұсында көп құқық бұзушылық орын алатыны жиі көтеріліп жүр. Әсіресе, мопедтер тұрғындардың мазасын алып жатқан сыңайлы. Аталған аумаққа бейнебақылау камералары орнатылады ма? Тәртіп сақшылары бұл бағытта қандай шара қолданып жатыр?
– Бұған дейін тұрғындар тарапынан аталған мәселе көтерілді. Осыған орай кент әкімі аппараты тарапынан Тасбөгет полиция бөлімшесіне аталған аумаққа рейдтік жұмыстар жүргізу бойынша ұсыныс берілді. Сондай-ақ, бейнекамера қою мәселесіне қатысты алдағы уақытта қаржы мүмкіндігіне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
– Кейінгі кездері салынып пайдалануға берілген көпқабатты үйлерге газ берілмеді деп қоныстанушылар дабыл қағуда. Бұл жайдан хабарыңыз бар болар?
– ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы заңының 42-1 бабына сәйкес, көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының 3/2 келісімі негізінде, тұрғындар газды қосу үшін «Казтрансгаз» мекемесіне жүгінулері қажет.
– Кенттің шеткері көшелерінде әлі жарық жоқ. 100 пайыз жарық беріледі деген уәде бар еді. Ол қашан жүзеге асады?
– Қазіргі уақытта кенттегі 6 көшеге көшеге жарықшамдарын орнату үшін 34 млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекеме анықталды. Ендігі ретте, жарықшамдар қою жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ алдағы уақытта кент көшелерінің жарықтандырылмаған бөліктеріне қаржы мүмкіндігіне қарай жарықшамдар қойылады.
– Биыл 7 апатты үйдің шатыры жөнделеді деп едіңіз. Солар толық жөнделді ме?
– Тұрғындардың сұранысы негізінде кенттегі Наурыз және Тасарық шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің шатырын қалыпқа келтіру үшін бюджеттен қаржы қаралып, жарамсыз күйде тұрған 7 үйдің шатырына жөндеу жүргізілді. Мұнан бөлек, қосымша тағы 3 үйдің шатырын жаңалау үшін қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
– Ғани Мұратбаев көшесінен екі мектепке баратын жол өте тар екен. «Жан» дүкенінің жаны да көлік көп жүретін болғандықтан сол жерге жол белгілерін қою туралы жергілікті тұрғындардың өтініштері айтылған. Оның үстіне, оқушы зардап шеккен жол апаты да тіркеліпті. Осы бағытта қандай шаралар қабылдануда?
– Кент көшелеріне жол белгілері қалалық полиция басқармасының нұсқамасы негізінде қойылатынын жеткіземіз. Дегенмен, сауалыңызды назарға ала отырып, аталған көше бойына қажетті жол белгілері қойылатын болады.
– Жабайы ит жайы да – тасбөгеттіктердің жанайқайы. Бұл жөнінде тұрғындар жиі хабарласатын болар?
– Кент көшелеріндегі иесіз иттер бойынша ветеринариялық станциямен бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Әңгімелескен
Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: