Сәрсенбі, 01 мамыр, 17:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қайрат Нұртастың жұбайы сахнаға ән айтып шықты

10.07.2023

644 0

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова әншілік қабілетімен де таныла бастады. Ол әнші Айгүл Иманбаеваның концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Актриса және тележүргізуші ретінде танылған Жұлдыз Әбдукәрімова әншілік қырын да дамыту үстінде. Ол өзінің өнердегі жетекшісі Айгүл Иманбаевмен бірге дуэт айтты. Олар «Әдемі қыз» әнін орындаған. Айта кетелік, бұған дейін Қайрат Нұртастың әйелі өзін әнші ретінде көрсетпеген болатын. Жұлдыз Әбдукәрімова мен Айгүл Иманбаева көптен бері шығармашылық байланыс орнатқан. Иманбаева Жұлдыз түсірген «Ажырасамын» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнады. Сондай-ақ Әбдукәрімова Айгүл Иманбаеваны өнердегі ұстазы санайтынын айтқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: