Жұма, 03 мамыр, 06:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ирина Кайратовна” тобының мобилографы концертте көз жұмды

15.10.2023

466 0

Ирина Кайратовна” тобының мобилографы Астанада концерт кезінде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мобилограф концерт басталмай тұрып сахнада құлап қалған. Кейіннен топ мүшелері өнер көрсетпейтіндерін хабарлады. 

“Бұл туралы айту өте қиын. Біздің мобилографтың сахнадан құлап қалғанын көрген боларсыздар, ол көз жүмды. Өкінішке қарай, біз бүгін алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз. Келгендеріңізге, бізге қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет. Біз сіздерді жақсы көреміз”, – деді ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов.

Астана полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 14 қазан күні концертте 21 жастағы мобилограф есінен танып, сахнаға құлаған. Өкінішке қарай, ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Әкімдік пен көрермендер түсіністік танытып, концерт у-шусыз аяқталды», – деп хабарлады Астана ПД.

Кейбір ақпарат көздері оның миы ісіп кетіп, бірден көз жұмғанын жазуда. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: