Сенбі, 19 сәуiр, 12:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28,2141
19.04.2025
PDF мұрағаты

Израиль әскері Газа секторындағы ең үлкен аурухананы қоршауға алды

14.11.2023

559 0

Израиль қорғаныс күштері Хамасқа қарсы құрлық операциясы кезінде Газа секторындағы ең үлкен әл-Шифа ауруханасын қоршауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Израильдік әскерилер Газа секторындағы ең үлкен аурухана Әл-Шифа ауруханасының «қақпасында тұр”. Қазір Газада Израильдің палестиналық Хамас қозғалысына қарсы жерүсті операциясы жалғасуда. ЦАХАЛ мәліметінше ХАМАС-тың астыртын штабы аурухана астында орналасқанын айтады. Палестина тарапы ауруханада жүздеген науқас қалғанын алға тартады.

Бұған дейін медициналық көмек және баспана іздеп келген мыңдаған палестиналық гуманитарлық дәліз бойымен Әл-Шифа ауруханасынан шықты. Палестина тарапының мәліметінше, соңғы үш күнде әл-Шифада 32 адам қаза тапқан.

Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) есебіне сәйкес, әл-Шифада 600-650 бейбіт тұрғын, 200-ден 500-ге дейін медицина қызметкері және 1,5 мыңға дейін босқын бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: