Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Күйдіргі – аса қауіпті ауру

31.10.2023

895 0

Күйдіргі – бұл аса қауіпті инфекция. Инфекция көзі – үй жануарлары.
Күйдіргі ауруы:

  • ауру жұқтырған малды ветеринариялық куәландырусыз сойғанда;
  • күйдіргі ауруының қоздырғыштары жұқтырылған етті тамаққа қолданғанда;
  • күйдіргі ауруының қоздырғыштары жұқтырылған ауаны жұтқан кезде жұғуы мүмкін.
    Аурудың белгілері:
    Тері бубондық түрі – инфекция түскен тері қышып, іріңді дақ пайда болады. Содан кейін дақ күлдірейді, 2-6 күннен кейін қара қабыршықпен жабылған уытты ойық жараға айналады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, денесі құрысып ауырады.
    Ішектік түрі – іштің қатты ауырып, құсу және қан араласқан сұйық дәреттен басталады.
    Өкпелік түрі – дене қызуы көтеріліп, адам қатты қалтырайды, мол қақырық бөлінеді. 3-5 күннен кейін жедел өкпе жеткіліксіздігі пайда болып, яғни жүрек соғысы жиілеп, ауыр демікпе, естен тану мен өлім жағдайына алып әкеледі.
    Негізгі алдын алу шаралары:
    Үй жануарларының күтімі кезінде жеке қорғаныш құралдарын қолдану (жануарлардың барлық түрлері ауырады);
    Күйдіргіге қарсы үй жануарларына профилактикалық екпе жүргізу қажет;
    Малды тек алдын ала ветеринариялық тексеріп-қараудан кейін ғана сою;
    Кездейсоқ адамдардан ет және сүт өнімдерін сатып алмау керек.
    Қызылорда облысынла сібір жарасының 60 стационарлық қолайсыз пункттері мен 68 топырақтық ошақтары 1948 жылдан бастап есепке алынған. Анықталған сібір жарасының топырақтық ошақтары бетондалып, айналасы темір тормен қоршалып, «сібір жарасы» деген белгілер қойылған. Сібір жарасының топырақтық ошақтарына аса қауіпті инфекция есебінде 1000 метрлік санитарлық-қорғаныс аймағы құрылады. Ол жерлерде құрылыс салуға болмайды, мал жаюға, егін егуге болмайды, сол сияқты басқа да топырақ қабаттарын бұзатын жұмыстар жүргізуге тиым салынады.
    Облыс көлемінде соңғы сібір жарасы инфекциясы 2008 жылы Шиелі ауданында тіркелді, сібір жарасымен ауырған науқас қайтыс болды. Соңғы 4 жылда облыс көлемінде тіркелген сібір жарасының белсенді ошақтары жоқ. Бірақ облыс көлеміне сырттан ауылшаруашылық жануарларының қозғалыстары (миграциясы) арқылы аурудың сырттан келу мүмкіндігі шеттетілмейді.
    Жыл сайын ҚР Үкіметінің №612 қаулысына және ҚР ДСМ-нің №114 –ші бұйрығына сәйкес «қауіпті топқа» жататын контингенттер (мал союшылар, жүн, тері жинаушылар, ветеринарлар, патгенмен жұмыс істейтін зертхана қызметкерлері) сібір жарасына қарсы егілуі керек. Сібір жарасының вакцинасы жергілікті бюджет есебінен сатылып алынатын вакциналар қатарына жатады.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: