Жексенбі, 28 сәуiр, 10:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлының мерекелік құттықтауы!

28.06.2023

217 0

Құрметті қызылордалықтар!Баршаңызды мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл қасиетті мереке мұсылмандар арасында мейірімділікті, игілікті, бірлікті, ізеттілікті, қайырымдылықты, достық пен шаттықты арттырумен ерекшеленеді.Бұл күндері жұртшылық ізгі амалдар жасап, құрбандық шалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға жәрдемдесіп, бір-біріне жанашырлық танытып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созады. Жақсы істерге ұйтқы болып, рухани құндылықтарды дәріптейді.Елді бірлік пен қайырымдылыққа, ізгілікке үндейтін Құрбан айт мерекесі құтты болсын!Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!Денсаулықтарыңыз мықты болып, отбасыларыңыздан құт-береке арылмасын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: