Дүйсенбі, 06 мамыр, 14:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Күнде 20 000 қадам жүрсеңіз, не болады?

08.10.2023

565 0

Сурет ашық дереккөзден
Заманауи технология дамыған заманда көп адам бір орында отырып жұмыс істейді. Көптеген медициналық зерттеулер физикалық белсенділіктің адам денсаулығына пайдасын дәлелдеді. Егер жаттығу залына баруға уақыт немесе мүмкіндік болмаса, қарапайым жүрудің пайдасы жайлы біле жүріңіз. Күнде 20 000 қадам жасау адам денсаулығына және оның физикалық формасына қалай әсер етеді?

Жүрек-қан тамырлар ауруының қаупі азаяды

Күнде 20 000 қадам жасау жүрек пен қан тамырлар жұмысын жақсартуға, артериялық қысымды және қандағы холестерин деңгейін түсіруге ықпал етеді.

Арықтауға және салмақты бақылауда ұстауға көмектеседі

Жүру – калория жағудың керемет әдісі. Егер күнде 20 000 қадам жасасаңыз, ол калория жетіспеушілігін тудыруы мүмкін. Ал ол артық салмақтан арылуға ықпал етеді. Алайда арықтау тиімділігі сіздің тағамдық әдеттеріңізге де байланысты.

Бұлшықеттер тонусы жақсарады

Жүру аяқты, жамбасты қатайтады және бұлшықеттер тонусын арттырады.

Энергия артады және көңіл күй жақсарады

Физикалық белсенділік, соның ішінде жүру де бақыт гормоны – эндорфиндердің бөлінуіне ықпал етеді. Ол күні бойы жақсы көңіл күйде және энергияға толы жүруге көмектеседі.

Жалпы денсаулық жақсарады

Жүйелі түрде жүру жалпы денсаулығыңыздың жақсаруына және өмір сүру ұзақтығының артуына ықпал етеді. Ол түрлі созылмалы аурулардың даму қаупін азайтады.

Өнімділікті арттырады және зейін қоюды жақсартады

Ол когнитивті қызметтеріңізді жақсартады. Зейін қоюыңыз, есте сақтауыңыз және жұмысқа деген өнімділігіңіз жақсарады.

Күнде 20 000 қадам жүру міндетті ме?

Күнде 20 000 қадам жасау міндетті емес. Тіпті, бұл көпшілік адам үшін көп болуы мүмкін. Ол адамның жеке физикалық қабілеттеріне байланысты. Бастысы, физикалық белсенділік жүйелі түрде болуы керек және ол сізге ұнауы тиіс. Сондай-ақ кез келген физикалық белсенділікті бастамас бұрын дәрігермен кеңескен жөн. Себебі көп жүруге де қарсыкөрсетілімдер бар.

Ақпарат көзі: https://massaget.kz/layfstayl/91898/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: