Сенбі, 04 мамыр, 05:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жөнінде баяндады

10.10.2023

518 0


Өндіріс орнында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысына Қызылорда өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жөнінде баяндады
Аймақ басшысының айтуынша:

Қызылорда облысының жалпы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім байқалады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 115,8 пайызға (227 млрд.теңге), ауыл шаруашылығы 101,6 пайызға (157 млрд.теңге), құрылыс 126,4 пайызға (117 млрд.теңге), тұрғын үйлер салу 118,9 пайызға (618 мың ш.м), сауда-саттық 104,1 пайызға (531 млрд.теңге) артқан. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемін биыл 472 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Оның басым бөлігі жеке инвестицияларға тиесілі.

облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жыл ішінде 27 мектеп салу жоспарланған. Қазіргі кезде Қызылорда қаласында физика-математика бағытындағы мектеп-интернаты салынуда;

емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың, Қан орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 27 медициналық-амбулаториялық нысан салынып жатыр;

өңірде бірқатар спорт және әлеуметтік-мәдени нысан бой көтереді. Атап айтқанда, жуырда 7 мың орындық Орталық стадионның, жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Аудандарда шағын 11 дене шынықтыру кешенін салу үшін жергілікті бюджеттен 2,6 миллиард теңге бөлінген. Облыс орталығында салынып жатқан Өнер орталығы жыл аяғына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі.

Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің тыныс-тіршілігін түлетуге жергілікті кәсіпкерлер де елеулі үлес қосып жатқанын айтты. Әлеуметтік нысандар салу, демалыс саябақтарын, ойын-спорт алаңдарын, үйлердің қасбеттерін жаңарту, аулаларды абаттандыру жұмыстары демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып келеді.

t.me/aqorda_resmi

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: