Жексенбі, 28 қыркүйек, 22:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

Облыс әкімі қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты

28.09.2025

148 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс прокуроры Р. Ожаровпен бірге қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты.

Облыс әкімі қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты

Бұл жердегі 901 сотталушының 821-і жұмысқа жарамды.

Облыс әкімі қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты
Облыс әкімі қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты

Мекеменің өндірістік аймағында 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 300-ге жуық сотталушы еңбекпен қамтылған. Негізгі жұмыс бағыттары – темір бұйымдарын өндіру, ағаш өнімдерін (астау, табақ, домбыра, сандық, есік) дайындау, газоблок, пескоблок, брусчатка, күйдірілген кірпіш шығару.

Облыс әкімі қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты

«Еңбек» РМК қаржысына «Конструктив ЛТД» ЖШС ғимарат құрылысын бастады.Арнайы контингентті еңбекпен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында №60 мекеме аумағындағы бос жер учаскесіне тез тұрғызылатын модульдік өнеркәсіптік ангар салу мәселесі көтерілді.

«Ален» ЖК-не Қызылорда облысы прокуратурасы, ҚАЖ департаментінің қолдауымен, «Байқоңыр» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы және республикалық инновациялық орталықтың бағдарламасы аясында қайтарымды несие рәсімделді. Бұл қаражатқа брусчатка өндіретін қондырғы орнатылып, 15 сотталушы жұмыспен қамтылды.

Облыс әкімі қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты
Облыс әкімі қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты

«Dalatex» ЖШС-не мекеменің өндірістік аймағынан үй-жай беріліп, 20 тігін машинасы орнатылды. Онда 20 сотталушы тұрақты жұмысқа тартылды.

Облыс әкімі қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты
Облыс әкімі қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты

Сонымен қатар, облыс әкімі сотталушы азаматтардың қолдан жасаған ағаш өнімдерінің көрмесімен танысты. Бұл жерде түйеқұс, күркетауық және басқа да құстарды өсіріп,баптау қолға алынған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: