Сәрсенбі, 10 маусым, 13:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 (2255)
09.06.2026
PDF мұрағаты

Салауатты өмірді насихаттау – басты мақсат

10.03.2026

208 0

Фото: Полиция департаменті

Қазіргі таңда жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бірлік пен жауапкершілікке тәрбиелеу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау басты назарда. Жыл сайын осы бағытта аймақта ауқымды жұмыстар жасалады. Соның бірі «Есірткісіз болашақ!» ұранымен жастар арасында танымдық әрі профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысып, командалық «Мафия» интеллектуалдық ойынында бақ сынады.

Ойын барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, талдау жасап, шынайылық пен әділдікті анықтауға бағытталған шешімдер қабылдады. Мұндай интеллектуалдық ойындар жастардың уақытын пайдалы өткізуіне ықпал етіп, оларды зиянды әдеттерден, соның ішінде есірткіден аулақ болуға үндейді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынға Арал ауданы №292 орта мектеп, Қармақшы ауданы №279 мектеп-лицей, Қармақшы ауданы №111 орта мектеп, Шиелі ауданы №243 орта мектеп ие болды. Ал ІІ орын – Арал ауданы №83 орта мектеп, Шиелі ауданы №207 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №184 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №195 мектеп-гимназияға бұйырса, ІІІ орынға Қазалы ауданы №16 мектеп-лицей, Жалағаш ауданы №122 орта мектеп, Сырдария ауданы №191 орта мектеп, М.Маметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі лайық деп бағаланды.

Ұйымдастырушылар мұндай игі шаралар жастардың салауатты өмір салтын ұстануға және қоғамда есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететінін атап айтты. Айта кетейік, іс-шараны Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.

А.АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: