Сейсенбі, 17 маусым, 11:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі тағайындалды

27.05.2025

371 0

Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Майра Мелдебекова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Майра Тұрғанбайқызы 1971 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы Еңбек Қызыл Ту ордені университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған.

1993-2005 жылдары аралығында Шымкент қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бірқатар мектептерінде мұғалім, директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарды.

2005-2018 жылдары – Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, директоры.

2018-2020 жылдары – Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы;

2020-2021 жылдары – Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы;

2021-2022 жылдары – Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары;

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: