Сәрсенбі, 01 қазан, 14:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Президент: Жасанды интеллект жұмыссыздықтың алдын алуға тиіс

01.10.2025

99 0

Фото: Ақорда

Қазақстанда жасанды интеллект жұмыссыздықтың алдын алатын құралға айналуға тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында мәлімдеді.

Сондай-ақ Президент ең алдымен өз елімізден шыққан өнімдерді пайдалануымыз керектігін ескертті.

Еңбек нарығы күн өткен сайын өзгеріп жатыр. Көптеген кәсіп иелерінің жұмысын енді автоматты жүйе атқаратын болады. Мұндай үрдіс қазірдің өзінде жүріп жатыр. Бұл бірқатар мамандықтың ескіруіне, яғни көптеген адамның жұмыссыз қалуына әкеп соқтырады. Бұл – аса өзекті мәселе. Осы жұмысты қазірден бастап қолға алмасақ, осындай үрдістің әлеуметтік салдары ауыр болады. Жұмыссыздық белең алып, тұрмыс сапасы төмендеп, әлеуметтік теңсіздік күшеюі мүмкін. Бірақ бұл жерде де ЖИ-дің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға болады. Мәселен, «ақылды» технологияға қызметкерлердің мықты не әлсіз тұстарын айқындап, кәсіби шеберлігін дамыту үшін нақты ұсыныстар бере алады, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Айтуынша, ЖИ-дің әлеуетін экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға пайдалану қажет.

Біздің міндетіміз – жұмыссыз қалудың алдында тұрған миллиондаған адамға жаңа мүмкіндік беру. Басқаша айтсақ, жасанды интелекттің орасан зор әлеуетін жаңа жұмыс орындарын ашуға, адам капиталын күшейту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыруға пайдалану. Үкімет ЖИ негізінде әзірленген ұлттық онлайн-платформаны іске қосуды тапсырамын. Сол арқылы жұмыссыз қалған мамандарды болашақта сұранысқа ие болатын кәсіпке бейімдеу қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: