Зеленский Әзірбайжан халқына көңіл айтты. Ол жазбасын үш тілде – ағылшын, украин және әзірбайжан тілдерінде X желісінде жариялады. Бұл туралы SMARTNEWS.KZ басылымы хабарлайды.
«Azerbaijan Airlines рейсінің апатқа ұшырауына қатысты егжей-тегжейлі ақпараттар шығып жатыр. Президент Әлиевке және Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Әрбір адамның өмірі құнды және ақиқатты анықтау үшін әр адамның өлімі мұқият тексеруге лайық. Апат орнындағы айқын визуалды дәлелдер қайғылы жайтқа Ресей жауапты екенін нұсқап отырғанын көріп отырмыз. Егер Ресей MH17-мен болған жағдайдағыдай (2014 жылы Донецк облысында болған әуе апаты – ред. ескертпесі) жалған ақпарат таратуды шешсе, шындықты анықтау және жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін Мәскеуге барлық халықаралық қысымды біріктіруіміз керек», – делінген Зеленскийдің мәлімдемесінде.
Еске салсақ, бұған дейін Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына «Ковер» режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеген.
«Әуе апаты болған сағатта Грозный маңында жағдай күрделі еді: Украин дрондарының Грозный мен Владикавказдағы азаматтық инфрақұрылымдарға террористік шабуылдарынан «Ковер» жоспары енгізілген», – деді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!