Сәрсенбі, 27 тамыз, 13:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64,2177
26.08.2025
PDF мұрағаты

«Қайрат» Чемпиондар лигасында

27.08.2025

49 0

Фото: Скрин

Бұл тарихи сәт! Араға 10 жыл салып, қазақ аспанында Чемпиондао лигасының әнұраны әуеледі. Алматылық «Қайрат» өздерінің қайратты екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Күні кеше өткен Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Қайрат» командасы Шотландияның азулы да даңқты «Селтик» командасын сүріндіріп, жарыс жолынан шығарды. Сөйтіп Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінен өздерінің орынын ойып тұрып алды. Кеше ғана арман болып көрінген Чемпиондар лигасының төрі бүгін біздің шындығымызға айналды!
Жасыл алаңда «Қайрат» ерледі. Бір жұма алдын Глазгода өткен ойын 0:0 есебімен аяқталған еді. Енді міне Алматының орталық алаңында өткен қарымта матчта да Шотландиядан келген қонақтарға есе жібермей негізгі уақытты тең есеппен 0:0 аяқтап, пенальти сериясында «Қайраттың» қақпасын күзеткен Темірлан Анарбековтың ғаламат сейвтерінің арқасында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Еске салсақ Алматылық «Қайрат» бұған дейін Словенияның «Олимпия любляна», Финляндияның «КуПС», Словакияның «Слован братислава» командаларын жарыс жолынан ығыстырып, қазақ футболының қайратын көрсетті. Бұл жеңіс біздің футбол тарихымызда алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз. Енді өзіміздің «Қайрат», Еуропаның ең алпауыт деген мықтыларымен иық тіресетін болады.


Нұржан НҰҒЫМАДИЛЛА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: