Жұма, 03 мамыр, 03:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қарағандыда жүкті әйел өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

06.10.2023

439 0

Қарағандыда жүкті әйел өлгендер тізімінде тұр. Бұл жағдайдың кесірінен ол жәрдемақы ала алмайды. Болашақ ана тірі екенін дәлелдей алмай әлек, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Әйел оны өлілер қатарына кіргізген адамның жазалануын талап етіп отыр.

«Мамандар менің өлгендер тізімінде екенімді айтты. Картам, арнайы шоттарым бұғатталған. Карта әлі бұғаттаулы, мені өлгендер тізімінен алып тастай алмай жатыр. Енді декреттік төлемақы ала алмай қаламын. Перзентханаға дайындалу қиын болмақ. Жүктіліктің 36-аптасындамын, балаға бесік, арба сатып ала алмайтын болдым», – деді қарағандылық Надежда Липина.

Липина қайғылы тізімге бірінші рет еніп отырған жоқ. Өткен жылы жеке куәлікті ауыстырған кезде ол өлілер қатарына кіргізілген. Сол кезде өзінің тірі екенін дәлелдеу үшін қарағандылық арнайы мәлімдеме жазды. Бұл жолы бәрі әлдеқайда күрделі. 39 жастағы жүкті әйел базадағы қатені шешу үшін жәрдемақы төлейтін бірнеше мекемені айналып өтуге мәжбүр болды. Әйел жақын арада туатын нәрестені қалай тіркейтіні туралы алаңдай бастады.

«Бұл техникалық ақау болуы мүмкін, басқа түсіндірме бере алмаймын. Қазіргі уақытта бұл мәселе шешілуде. Маманмен бірге қайтадан төлем алуға өтінім жазылды», – деді Қарағандыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша № 3 бөлім басшысы Ольга Баграй.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: