Сәрсенбі, 15 қазан, 17:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінде екі бөлім меңгерушісін тағайындады

15.10.2025

121 0

Фото: Zakon.kz

15 қазан 2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорданың хабарлауынша, Нұрлан Байбазаров Мемлекет басшысының өкімімен Президент әкімшілігінің инвестициялар және сауда бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды.

Нұрлан Байбазаров 1975 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған, мамандығы – экономист. Әр жылдары Қаржы министрлігінде және Ұлттық экономика министрлігінде қызмет атқарған. Бұған дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы болды. 2024 жылдың ақпанында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалып, сол жылдың желтоқсанында бұл қызметтен босатылған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Иманалиев Президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімі меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Жандос Иманалиев 2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне енгізілген. 2023 жылы Президент әкімшілігінде қызмет атқарылған.

Жандос Иманалиев 2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне енгізілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: