Сенбі, 11 мамыр, 13:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

«Қазақстанда 1 миллион 200 мың әйелдің зейнетақы жарналары жоқ»: Экономистер үй шаруасындағы әйелдерге кеңес берді

15.10.2023

363 0

Қазақстанда 1 миллион 200 мың жұмыссыз қазақстандық әйелдер декреттік демалыста емес және зейнетақы жарналары да жоқ. Аталған мәліметтерді еңбек министрлігі таратты. Бұл туралы 31 арна хабарлайды. 

Министрліктің айтуынша, олар декреттік демалыстан кейін үйде отырып, бала күтімімен айналысатын әйелдер. Мұның салдарынан болашақта ең төменгі зейнетақы алатын әйелдер қатары көбеюі мүмкін. Сонымен қатар кәрілік кезінде оларға көбіне балалары қамқорлық жасамайды. Сондықтан мұндай әйелдерге мемлекет көмектесу керек дейді мамандар.

«Мен 8-9 жастан бастап бала өз бетінше мектепке барғанға дейін балаларға жәрдемақы, ал ана бала бағып отырған кезде зейнетақы жарнасы төленетіндей шешім ұсынамын», – деді экономист Марат Абдурахманов. 

Рас, ол үшін бірқатар заңдарды өзгерту керек. Енді әйелдер жұмыс істемей-ақ зейнетақы жарналарын өз бетінше есептей алады. 

Еңбек министрлігі хабарлағандай, тек 247 мың әйел ресми түрде жұмыссыз, олар жұмыс іздеуге өтініш берген. Енді қазақстандық әйелдер жұмыс берушінің өтініші бойынша қысқа мерзімді оқу курстарынан өтіп, кейін жұмысқа орналаса алады. Сондай-ақ онлайн білім алуға мүмкіндігі бар.

«Әйелдер персоналды басқару, пішу және тігу, бухгалтерлік есеп курстары, макияж курстары, маркетинг негіздері, қаржылық сауаттылық және т.б. курстарға қол жеткізе алады. Сонымен қатар біз әйелдерді кәсіпкерлікке қолдау бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз», – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау департаменті жұмыспен қамту бөлімінің бас сарапшысы Жансая Төлеужан. 

Сонымен қатар еңбек министрлігінде қоғамдық жұмыстарға қатысуға немесе біліктілік пен жұмыс тәжірибесі талап етілмейтін әлеуметтік жұмысқа орналасуға болады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: