Бейсенбі, 16 қазан, 23:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың «Сағыныш ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті

16.10.2025

52 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, әнші, композитор Елена Әбдіхалықовамен кездесті. Еліміздің, Сыр өңірінің мәдени-рухани дамуына қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, сый-құрмет көрсетті.«Бүгінгі шығармашылық кешіңіз ұлтымыздың «Қазақ» атауының қайтарылғанына, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл толған мерейтойға, Қызылордамыздың төл мерекесі – Қала күніне үлкен тарту болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың «Сағыныш ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың «Сағыныш ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті

Сіз әрдайым туған топырақты, халқымыздың өр рухын жырға қосып, мәдениетіміз бен руханиятымызды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеп келесіз.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың «Сағыныш ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті

«Сыр елі – жыр елі» атанған өңірімізде өнерпаздарға қолайлы орта қалыптастыруға, өнерлі, дарынды жастарымыздың шығармашылығын шыңдауға бағытталған маңызды жобалар қолға алынған.Өнер адамдарын, мәдениет майталмандарын қолдауға әрқашан дайынбыз. Төл өнеріміздің туын биікте ұстап, көрерменнің зор құрметіне бөлене бергейсіз! Сізге мықты денсаулық, шығармашылығыңызға табыс тілеймін!», – деді Н.Нәлібаев.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың «Сағыныш ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті

Кездесуде Елена Әбдіхалықова көрсетілген құрметке алғыс білдіріп, аймақтың мәдениет саласындағы ауқымды жұмыстарға оң бағасын берді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың «Сағыныш ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың «Сағыныш ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті

Одан кейін аймақ басшысы композитордың Өнер орталығында өткен «Сағыныш ғұмыр» атты шығармашылық кешіне қатысты. Концертте Елена Әбдіхалықова белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлымен бірге симфония оркестрінің сүйемелдеуімен «Біргемін мен сендермен», «Есіңе мені алғайсың», тағы басқа танымал әндерін орындады.Шығармашылық кеште Арайлым Ибраева, Дәурен Сейітжанов шырқаған әндер көрермен көңілінен шықты. Ақын өлеңдерінен құралған «Менің атым Сағыныш» атты композицияны театр артистері шебер орындады. Автор сыршыл өлеңдерін өзі де оқып, тыңдарманын бір мезет поэзияның терең иірімдеріне бойлатты. «Қазақ елі», «Сыр елі» сияқты халыққа кең тараған туындыларды Өнер орталығына жиналған қауым қосыла шырқады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың «Сағыныш ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: