Дүйсенбі, 20 қазан, 18:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Қылмыстық атқару жүйесінің мәселелері қаралды

20.10.2025

124 0

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен қылмыстық атқару жүйесінің мәселелері талқыланған кеңес отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Өңірде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды қоғамға қайта бейімдеу, еңбекке тарту, пробация қызметін күшейту бағытында тиісті жұмыс атқарылуда.

Қылмыстық атқару жүйесінің мәселелері қаралды

Биылға жұмыспен қамту үшін бекітілген 92 квота түгел игерілді. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы қайта әлеуметтендіруге қаржы бөлініп, жобалар іске асты. Жұмыссыз ретінде тіркелген 325 адамның 213-і тұрақты, 49-ы уақытша жұмысқа орналасты.«Бастау Бизнес» жобасымен 31 азаматқа 48,6 млн. теңге қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді, 23 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып, 124 азаматқа қайырымдылық көмек көрсетілді. Жергілікті бюджеттен 184 азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек төленді, басқа да қолдау көрсету жолға қойылған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: