Сенбі, 04 мамыр, 07:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 5 сынып оқушы «Шахмат керуенінің» финалына өтті

14.10.2023

523 0

Бүгін аймақта өткізілген «Шахмат керуені» шахматшылар сайысы өз мәресіне жетті.

Алаңда тігілген мобильді киіз үйде швейцарлық жүйе бойынша 11 кезеңнен тұратын блицтен турнир болып, 20 адамның ішінен үш жеңімпаз гранд-финалға жолдама алды. Олар:
І орын – Ернұр Ержанұлы (11ұпайдан 10);
ІІ орын – Әділет Ерсерік (9 ұпай);
ІІІ орын – Нұрсәт Оспан (8 ұпай).
Бір қызығы, І және ІІІ орын жеңімпаздары бір үйдің балалары болса, екінші орын иеленген жүлдегер – осы жеңімпаздардың жаттықтырушысы.

Марапаттаудан кейін керуеннің құрметті қонағы, халықаралық деңгейдегі шахмат шебері Әсел Серікбай бір мезеттік ойын сеансын өткізді. Сеансқа алдын-ала тіркелген 10 әуесқой шахматшы қатысты. Бұрыннан да Қызылорда қаласындағы мектептерде бір мезеттік ойындарды ұйымдастырып жүрген Әсел «Шахмат керуені» аясындағы сеансқа туған жерінде алғаш рет атсалысып отыр.
Айта кетсек, Қазақстан шахмат федерациясының аймақтардағы интеллектуалды спорт түрін дамыту үшін қолға алған жобасына Freedom Broker компаниясы бас демеушілік жасап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: