Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада егіздердің ата-анасына туу туралы куәлік салтанатты түрде табыс етілді

06.12.2024

319 0

Қызылорда облысының АХАТ басқармасында егіздердің ата-анасына туу туралы куәлік салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Қызылорда облысы бойынша филиалы.

Азамат пен Айнұр Баймахановтар отбасында үлкен мереке – Арай мен Нұрай егіздері дүниеге келді. Олардың үш ағасы мен екі әпкесі бар. Ата-анасының айтуынша, олардың тұқымында егіздердің пайда болуы генетикалық бейімділік.

«Менің анамның егіз әпкесі бар. Енді менің көп балалы отбасымда егіз қыздар дүниеге келді. Узиде бізге егіздер болатынын айтқан кезде, біз, әрине, сенбедік, бірақ қатты қуандық. Мемлекеттік корпорация филиалына мереке ұйымдастырып, салтанатты жағдайда қыздарымның алғашқы құжаттарын тапсырғаны үшін рахмет», – дейді Айнұр Баймаханова.

Осы айтулы күні филиал директоры Аида Ибрагимқызы мемлекеттік корпорация атынан егіздердің ата-аналарына жаңа туған нәрестелерге арналған алғашқы керек-жарақтарды табыс етті.

«Салтанатты жағдайда тапсыру бұл жай ғана формальдылық емес, өмір бойы есте қалатын рәсімнің маңызды бөлігі. Біз бұл айтулы сәттің отбасы өміріндегі әрбір жаңа кезеңнің бақыты мен маңыздылығының символы ретінде есте қалғанын қалаймыз», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалының директоры Аида Абибулаева.

Айта кетейік, Қызылорда облысында жыл басынан бері 171 отбасында егіздер дүниеге келген. Көшбасшылар үштігінде: Қызылорда (102 жұп), Арал ауданы (40), Қазалы және Шиелі аудандары – (20-дан).

Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылорда облысында үшемнің тууы тіркелген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: