Бейсенбі, 19 ақпан, 23:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Қызылордадағы жаңа шағын ауданда 500 келушіге арналған емхана құрылысы басталды

19.02.2026

66 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылорда қаласынның сол жағалауында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары және зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен 500 келушіге арналған емхананың іргетасы қаланды.

Қызылордадағы жаңа шағын ауданда 500 келушіге арналған емхана құрылысы басталды
Қызылордадағы жаңа шағын ауданда 500 келушіге арналған емхана құрылысы басталды
Қызылордадағы жаңа шағын ауданда 500 келушіге арналған емхана құрылысы басталды

Аймақ басшысы сол жағалауға қоныстанушылардың сұранысына сәйкес құрылысы басталған жаңа нысан тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыратынын атап өтті.

«Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар іске асырылуда. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру шаралары кешенді жүргізіліп келеді. 2022-2025 жылдары салаға 50 млрд. 100 млн. теңге қаржы бөлінді, 26 млрд. 400 млн. теңгеге 40 медицина нысаны салынып, пайдалануға берілді.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы белгіленген жоспарға сәйкес толығымен орындалып, 10 млрд. 700 млн. теңгеге салынған 28 нысан халық игілігіне қызмет етуде.
Жаңадан бой көтеретін емхана да шипа іздеген жандарға жылулық сыйлайтын орынға айналсын! Рамазан айы баршамызға құтты болсын! Оразаларыңыз қабыл болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Қызылордадағы жаңа шағын ауданда 500 келушіге арналған емхана құрылысы басталды

Рәсімде Ақмарал Шәріпбайқызы, Мұрат Нәлқожаұлы құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Асылбек Тоқмырзаұлы бата берді.

Айта кетейік, сол жағалауда бой көтеретін 500 орындық емхана тұрғындарға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық медициналық қызмет көрсететін көпсалалы мекеме болады. Мұнда жалпы және акушерлік-гинекологиялық тіркеу, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері қарастырылған.

Сонымен қатар, нысан 50 төсектік күндізгі стационар, дәрілік қамтамасыз ету бөлімі, орталық стерилизация, кір жуу орны, медициналық қалдықтарды сақтау, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория, 200 орындық конференц-зал және инженерлік-техникалық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі.

Қызылордадағы жаңа шағын ауданда 500 келушіге арналған емхана құрылысы басталды
Қызылордадағы жаңа шағын ауданда 500 келушіге арналған емхана құрылысы басталды
Қызылордадағы жаңа шағын ауданда 500 келушіге арналған емхана құрылысы басталды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: