Конституция

Сейсенбі, 07 шiлде, 07:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50 (2262)
04.07.2026
PDF мұрағаты

Жастар есірткіге қарсы үн қатты

30.03.2026

265 0

Фото: Полиция департаменті

Қызылорда облысының білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған есірткіге қарсы пантомима челлендж-байқауы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеген маңызды тәрбиелік шаралардың біріне айналды.

Байқауды Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қауіпсіз өмір салтын насихаттау.

Сайысқа облыстың қала және аудан мектептері мен колледждерінің оқушылары белсенді қатысты. Қатысушылар арнайы дайындалған қысқа бейнероликтер арқылы пантомима өнерін пайдаланып, есірткінің зияны мен салауатты өмір салтының артықшылықтарын көркем түрде жеткізді.

Байқаудың ерекшелігі – қатысушылардың қол қимылдары арқылы маңызды ойды көрерменге әсерлі жеткізуінде болды. Қара түсті киім киген фондағы қатысушылардың арасынан ақ қолғаптағы қолдар есірткіге қарсы үндеулер мен ұрандарды бейнелеп көрсетті. Бұл формат көрермен назарын аударып қана қоймай, әлеуметтік мәселені шығармашылық тұрғыда жеткізуге мүмкіндік берді.

Қазылар алқасының шешімімен І орын Қармақшы ауданындағы №113 орта мектепке, Шиелі ауданындағы №40 және №41 орта мектептерге, Жаңақорған ауданындағы №125 орта мектепке және Қызылорда қаласындағы №10 мектеп-лицейге берілді.

ІІ орын Жалағаш ауданындағы №34 орта мектепке, Сырдария ауданындағы №147 орта мектепке, Шиелі ауданындағы №48 мектеп-лицейге және Қызылорда қаласындағы №175 орта мектепке бұйырды.

Ал ІІІ орынды Шиелі ауданындағы №156 және №50 орта мектептер мен аудандық Оқушылар үйі иеленді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамайтын белсенді азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар қатысушылар салауатты өмір салтының маңызын терең түсініп, есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстарға белсене араласуға мүмкіндік алды.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар мен жетекшілерге алғыс айтылып, алдағы уақытта да жастар тәрбиесіне бағытталған осындай маңызды жобалар жалғасын табатыны атап өтілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: