Жексенбі, 29 желтоқсан, 00:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ресей ұшақ апатының тергеуіне қатысты «игі ниетін» білдіріп, Украинаны кінәлады

28.12.2024

165 0

Сурет:alash.kz

Росавиация басшысы Грозный әуежайында AZAL ұшағы қонарда «кілем» жоспары енгізіліп, қалың тұман болғанын хабарлады, деп жазды Alash.KZ порталы.

Дмитрий Ядровтың айтуынша, бұл жоспар «осы уақытта Грозный және Владикавказ қалаларында азаматтық инфрақұрылымға лаңкестік шабуыл жасаған» украиналық дрондардың шабуылына байланысты енгізілген.

«500 метр биіктікте дым көрінген жоқ. Әуе кемесінің командирі Грозныйға ұшақ қонуға екі рет әрекет жасады, олар сәтсіз болды», — деді ведомство басшысы. Ақтауға ұшу туралы шешімді әуе кемесінің командирі өз бетінше қабылдады.

Ядров ресейлік тараптың «игі ниетін» жеткізді. Қазақ және әзірбайжан әріптестеріне қолдау танытып, қайғылы оқиғаны тергеу бойынша ынтымақтастық құруға толық дайын екенін хабарлады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: