Сенбі, 27 сәуiр, 13:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Сот органынан шығатын ресми құжатты апостильдеу

15.11.2023

534 0

Суретті түсірген Н.Нұржаубай

           «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары туралы 2020 жылғы 13 сәуір № 13   бұйрығында апостиль – құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба деп көрсетілген.

          Сот органдарынан шығатын,  басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған құжаттарды апостильдеу, қысқасы заңдастыру мемлекеттік қызмет көрсетудің түріне жатады.

          Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалына келу немесе «электрондық үкімет» веб-порталының онлайн-қызметі арқылы өтінім беру қажет.

         Онлайн-өтінім беру кезінде сіз оған апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын құжаттың; көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. (егер ауысым 2008 жылға дейін болған болса) ауысымын растайтын құжаттың сканерленген көшірмелерін қоса беруіңіз керек, сол жерде әрбір апостиль қойылған құжат үшін 0,5 АЕК мемлекеттік баж төлеп, өтінімге өзінің ЭЦҚ-мен қол қоюы керек, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде сіз өтінімді өңдеу туралы хабарлама аласыз. Хабарламада белгіленген күн мен уақытта ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне немесе оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық органдарына өзімен бірге мынадай құжаттарды:

• жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін);

• апостильденетін құжаттың түпнұсқасын алып бару қажет. ХҚКО-да  апостильдеуге өтінім беру кезінде өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек:

• жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат( сәйкестендіру үшін);

• мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (0,5 АЕК); • апостильделетін құжаттың түпнұсқасы.

• нотариалды куәландырылған сенімхат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда);

• көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. ауысқанын растайтын құжаттың көшірмесі (егер ауысым 2008 жылға дейін болса).

            Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының 2-тарауына сәйкес, мемлекеттік органның бөлім қызметкері өтініш білдіруші ұсынған құжаттарды тексеріп, қабылдайды, тіркейді және сәйкесінше құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді. Мемлекеттік органның қызметкері белгіленген уақытта ресми құжаттың түпнұсқасын ұсынғаннан кейін құжатқа қол қою және мөр қою арқылы апостиль қояды және өтініш білдірушіге тапсырады.

          Сондай-ақ, тұлғаның мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағым келтіру құқығы бар. 

  Көркем Жамбылқызы

                                                                  Қызылорда қалалық сот әкімшісінің 

                                                                  жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: