Бейсенбі, 02 мамыр, 14:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Құқық құрығы

01.11.2022

731 0

6414 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы ІІМ нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 1  қазанынан бастап 1 қараша аралы­ғында облыс көлемінде «Учаске» жедел  профилактикалық  іс-шарасы өтті. 

Профилактикалық шара аясында құқық қорғау өкілдері 5712 пәтер мен 42395 жеке үйді аралап, учаскелік  полиция инспекторларының визиткалары таратылды. Аралау бары­сында 29 пәтер заңсыз жалға берілгені анықталып, шешім қабылдау үшін құжаттар жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 2373 азамат тұрғылықты мекен жайынан тексеріліп, профилактикалық әнгімелер жүргізілді. Шара барысында барлығы 6414 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталса, оның 416 дерегі көші-қон заңнамаларын бұзуға байланысты.

Ішкі істер органдарының есебінде тұрған қару иелерінің 4273-і тексеріліп, қаруды сақтау, тасымалдау ережелерін бұзған 24 облыс тұрғынына қатысты шара көріліп, ішкі істер органдарында тіркелмеген 8 мылтық тәркіленді.

МАС ЖҮРГІЗУШІ ПОЛИЦИЯДАН ҚАШТЫ

Қызылорда қалалық полиция басқармасының қыз­меткерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді.

Мәселен, полиция түнгі уақытта сағат 00:45 шамасында Қазақстан көшесінің бойында өрескел құқық бұзушылық жасағаны үшін «Mercedes benz» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкері өзін таныстыру барысында, автокөлік қатты жылдамдықпен басып, тәртіп сақшыларынан қашпақшы болды. Алайда құқық бұзушы Торайғыров көшесінің бойынан ұсталды. Наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша оның орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы және 613 бабының 1-бөлігімен, яғни полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөлік айып тұрағына қойылды.

ТІРКЕЛМЕГЕН АҢШЫ МЫЛТЫҒЫН САҚТАҒАН

Қызылордалық полицейлер рейд барысында кезекші тәулік ішінде облыс тұрғындарынан ІІО-да тіркелмеген 2 аңшы мылтығын тәркіледі.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен, яғни ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданды.

ЗАҢСЫЗ АҢҒА ШЫҚҚАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилакти­калық іс-шарасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты − табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, био­логиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Рейдтік шара барысында полицейлер 3 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 19 дерегін анықтады. Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың 10 дерегі анықталса, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 5 дерегі тіркелді. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылып сотқа жолданса, азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның пат­рондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.

Мысалы, 21 қазандағы рейд барысында облыстың 38 жас­тағы тұрғынын тексеру кезінде тіркелмеген 20 калибрлі аңшылық мылтықты заңсыз алып жүргені анықталып, әкім­шілік хаттама толтырылды.

ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ САҚТАҒАН

«Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ, ҚР Ұлттық ұланның «Бүркіт» АЖ және Жаңақорған АПБ-нің қызметкерлері бірлесіп, облыс тұрғынының тұрғылықты жерінен 84 дана сіріңке қораптарына салынған салмағы 359 грамм болатын ірі мөлшерде «кептірілген марихуана» анықтап, оқиға орнында құрықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 297-бабымен, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу бойынша сотқа дейінгі  тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында облыс аумағында «Заңсыз келуші» іс-шарасы өтті. Іс-шараның 7 күнінде 253 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 163 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталса, оның 18-і республика аумағынан алыстатылды. Шетелдіктердің елде ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген Қазақстан Республикасының 90 азаматына қатысты әкімшілік шара көрілді.

Дайындаған Аслан НҰРАЗҒАЛИ,

Мәліметтер облыстық полиция

департаменті мен

қалалаық полиция басқармасынан алынды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: