Жексенбі, 24 қараша, 11:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Заңсыз берілген 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылады

12.08.2022

818 0

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы есеп берді. Оның айтуынша, жыл басынан бері және 10 тамыздағы жағдай бойынша комиссия 1 млн 119 мың га жерді мемлекетке қайтарды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Былтыр көрсеткіш 400 мың га. көрсеткен болатын.

«Қазіргі уақытта 2 млн 94 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізілуде, прокуратура органдарында 698,4 мың га жерді тексеру бойынша 48 өтініш тіркеу сатысында тұр», – деді министр.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері әкімдіктердің учаскелерді заңнама талаптарын бұза отырып берген 74 фактіні анықталды.

«Сонымен қатар, мал жаю үшін 16 млн га көлемінде жайылымдардың жетіспеушілігі байқалады, бұл жағдай мал басының қысқаруына және ауылдағы әлеуметтік наразылықтың өсуіне алып келеді», – деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.

Жалпы, комиссия 7,45 млн га алаңда 2584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде – 585,2 мың га егістік пен 6,86 млн га жайылым жер бар.

Ауыл шаруашылығы министрі жергілікті әкімдіктерді пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтау бойынша жұмысқа белсенді қатысуға, сондай-ақ АШМ-ге жер учаскелері бойынша ұсынылатын деректердің анықтығы мен өзектілігін бақылауға шақырды.

2022 жылы 9 тамызда Қазақстан Президенті жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

Биылғы жылдың соңына дейін мемлекет меншігіне пайдаланылмай жатқан және қолданыстағы заңнаманы бұза отырып берілген 5 млн гектарға дейін ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарлап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: