Сейсенбі, 21 қазан, 01:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Сыр еліндегі ғасырлық мерейтой, Қала күні мен «Алтын күз-2025» мерекелеріне үлес қосқан сала өкілдері марапатталды

20.10.2025

62 0

Бүгін Қызылорда қаласының астана мәртебесін иеленгеніне 100 жыл толуы мен «Қала күні» мерекесіне арналған іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан сала өкілдері марапатталды.

Марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысып, профессор-ғалымдарға, өнер және мәдениет саласының қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, сондай-ақ мерекелік іс-шараларды өткізуге үлес қосқан түрлі сала мамандарына облыс әкімінің алғысын табыстады.

Сыр еліндегі ғасырлық мерейтой, Қала күні мен «Алтын күз-2025» мерекелеріне үлес қосқан сала өкілдері марапатталды

«Өздеріңізге белгілі, өткен аптада халқымыздың тарихи «қазақ» атауының қайтарылғанына, Қызылорда қаласының астана мәртебесін иеленгеніне 100 жыл толу мерейтойы мен «Қала күні», «Алтын күз» мерекелеріне орай өңірімізде бірқатар ауқымды іс-шаралар аталып өтілді.Осы күндері мәдениет, ақпарат, қызмет көрсету және өзге де салаларда еңбек еткен азаматтар өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап, мерекелік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты. Баршаңызға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін»,- деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Сыр еліндегі ғасырлық мерейтой, Қала күні мен «Алтын күз-2025» мерекелеріне үлес қосқан сала өкілдері марапатталды
Сыр еліндегі ғасырлық мерейтой, Қала күні мен «Алтын күз-2025» мерекелеріне үлес қосқан сала өкілдері марапатталды
Сыр еліндегі ғасырлық мерейтой, Қала күні мен «Алтын күз-2025» мерекелеріне үлес қосқан сала өкілдері марапатталды

Марапат иелерінің еңбегі лайықты бағаланып, өңірдің мәдени, әлеуметтік және қоғамдық өмірін дамытуға қосқан ортақ үлесі ерекше атап өтілді.

Сыр еліндегі ғасырлық мерейтой, Қала күні мен «Алтын күз-2025» мерекелеріне үлес қосқан сала өкілдері марапатталды

Бұл құрмет олардың табанды еңбегі мен ел дамуына сіңірген қызметінің нақты бағасы ретінде берілді.

Сыр еліндегі ғасырлық мерейтой, Қала күні мен «Алтын күз-2025» мерекелеріне үлес қосқан сала өкілдері марапатталды
Сыр еліндегі ғасырлық мерейтой, Қала күні мен «Алтын күз-2025» мерекелеріне үлес қосқан сала өкілдері марапатталды
Сыр еліндегі ғасырлық мерейтой, Қала күні мен «Алтын күз-2025» мерекелеріне үлес қосқан сала өкілдері марапатталды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: