Жұма, 14 маусым, 18:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46-2056
11.06.2024
PDF мұрағаты

«Сыр жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

13.10.2023

556 0

Баспаналы болуды армандап жүрген сырбойылық жастар үшін қуанышты жаңалық. Бүгіннен бастап алғаш рет «Сыр жастары» жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасына құжат қабылдау басталды.

Бұл бағдарламаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Несиелеу мерзімі – 19 жылды құраса, пайыздық мөлшерлемесі 5 пайыз. Бағдарламаның бастапқы жарнасы – 10 пайызды құрайды. Бағдарламаға өтініш беру 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Бүгін басталған науқан 26 қазан күні аяқталады. Бұл жөнінде Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров хабарлады.

– Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойы аясында аймақ басшысының тікелей қолдауымен көптен бері баспаналы болуды мақсат етіп жүрген және баспана кезегіне тұра алмаған жастар үшін «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы басталды. «Сыр жастары» бағдарламасының басты талаптары: ҚР азаматтығының болуы, қатысушының жасы 35 жастан аспауы, соңғы 2 жылда Қызылорда облысында тұрақты тіркеуде болуы және кемінде бір жыл жұмыспен қамтылған болуы шарт. Бағдарлама аясында табысталатын үйлер қаламыздың сол жағалауында орналасқан, жалпы көлемі 66 шаршы метрден кем емес 3 бөлмелі пәтерлер болады деп күтілуде. Бұл бағдарлама Сыр жастарының үйлі болуы үшін үлкен мүмкіндік, – деді басқарма басшысының орынбасары Артур Раушанбекұлы.

Аталмыш бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, бюджеттік сала, мәдениет, спорт, ЖОО және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, Ұлттық холдингтер мен компаниялардың жергілікті филиалдары, екінші деңгейлі банктер, құрылыс, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласының қызметкерлері құжат тапсыра алады. Дегенмен, осы санаттағы қатысушалардың ресми жұмыс өтілі кемінде 6 айды құрауы тиіс.

-“Сыр жастары” бағдарламасына қатысу үшін бірнеше құжаттардың тізімі бекітілді. Атап айтқанда, белгіленген нысан бойынша жастарға жеңілдікпен несие беруге арналған электронды өтініш, білімі туралы құжаттың сканерленген түрі, жұмыс өтілі көрсетілген анықтаманың сканерленген түрі, ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттар, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасынан сканерленген растайтын анықтамалар, «Сыр жастары» бағдарламасына қатысу үшін үміткерлерді іріктеу кезектілікке сәйкес санаттар бойынша тізімге енгізу жинаған балл санымен айқындалады. Санат бойынша ең көп балл жинаған қатысушыға уәкілетті органмен электронды түрде жолдама жіберіледі. Жолдаманы алған жастар әрі қарай «Отбасы банкінде» төлем қабілетіллігін растайды, содан кейін келісім шарт рәсімделіп, үй табысталатын болады, – деді «Отбасы банкі» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Әділжан Сәулебаев.

Айта кетейік, «Сыр жастары» бағдарламасына өтініш пен құжаттарды тапсыру электронды түрде «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы kezekte.kz сайтында тіркелуі керек. Одан кейін «Жұмыс істейтін жастарға арналған «SyrJastary» жеңілдетілген ипотекалық несие беру» сервисінде жүзеге асыра алады.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: