29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Қайғылы оқиғадан кейін әуекомпанияның бас директоры мәлімдеме жасады.
«Ең алдымен басымды иіп, кешірім сұраймын. 29 желтоқсанда сағат 09:03 шамасында Муан халықаралық әуежайына ұшақ қонып, өрт шықты. Ең алдымен жақындарынан айырылғандарға, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын және кешірім сұраймын. Қазір апаттың себебін анықтау қиын, сондықтан тиісті мемлекеттік органдардың тергеуін күтуге тура келеді. Бас директор ретінде жауапкершілікті өз мойныма аламын», – деп жазылған компанияның Instagram-дағы ресми парақшасында.
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты туралы не белгілі?
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты таңғы сағат 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07-де) болды. Бортта 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болды, олар Бангкоктен оралған.
Апат салдарынан ұшақ айтарлықтай зақымданды, өрт шықты. Кейін төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіріп, іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жолаушылар арасында Оңтүстік Кореяның 173 азаматы және Таиландтың 2 азаматы болғаны анықталды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес лайнер қону кезінде құстармен соқтығысқан. Сондай-ақ, құтқарылған екі адамнан басқалары қаза тапқан болуы мүмкін.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!