Бейсенбі, 02 қазан, 12:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Тоқаев: Қазақстан – Еуразиядағы негізгі цифрлық хабқа айналды

02.10.2025

37 0

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Digital Bridge форумының ашылуында сөйлеген сөзінде оның маңызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөз басында Тоқаев Мажарстан елінің президентіне форумға қатысқаны үшін арнайы алғыс айтты.

Бүгінде Digital Bridge – өте маңызды пікір алмасу алаңына айналды. Бұл жерде жаһандық өзгерістер мен цифрлық экономиканың болашағы туралы өзекті ойлар айтылып, маңызды бастамалар көтеріледі. Қазақстан Еуразиядағы негізгі цифрлық хаб ретінде алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмысты жалғасьтырады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент озық технологияның қоғамға әсеріне тоқталды.

Жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Озық технологияның жоғары қарқынмен дамуы саясатқа, экономикаға және миллиардтаған адамның өміріне тікелей әсер етеді, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетерлігі, форум аясында басталған пленарлық отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Венгрия президенті Тамаш Шуйок қатысып отыр. Жиынның арнайық қонақтарының қатарында G42 International бас директоры (CEO) Мансур Ибрагим Әл Мансури, Telegram негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуров, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google зерттеу директоры Питер Норвиг, Sinovation Ventures, 01.AI бас директоры (CEO) Кай-Фу Ли, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев, Solana Foundation президенті Лили Лю бар.

Еске салсақ, Бүгін, 2 қазанда Астанада Орталық Еуразиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум – Digital Bridge басталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: