Жұма, 30 мамыр, 00:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

Жаңа технологиялар – жетістік бастауы

28.05.2025

216 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен егін шаруашылығына енгізілген жаңа технологиялардың тиімділігін арттыру мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, инновациялық әдістерді кеңінен қолдануды, су ресурстарын үнемдеуді және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді ұйымдастыруды жүктеді.

«Жаңа технологияларды енгізу ауқымын кеңейте беру қажет. Бұл өнімділікті арттырып, шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Су үнемдейтін әдістерді, әсіресе электронды су өлшеу құрылғылары мен жерді лазерлік тегістеу технологияларын барлық ауданда қолдану керек. Шаруаларға берілген несиелер мен субсидиялардың нәтижесін қадағалап, олардың тиімді жұмсалуын бақылаңыздар», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кету керек, аймақта егін шаруашылығына енгізілген жаңа технологиялардың тиімділігі байқала бастады. Заманауи әдістер шығындарды азайтып, өнім көлемін арттыруға оң әсерін тигізуде. Мысалы, аралдық шаруалар 30 жыл бойы пайдаланылмай келген алқапты айналымға қосып, бақша егіп, оны жабынды астында өсіруді қолға алды.

Жалағаш ауданының Темірбек Жүргенов ауылында үш жылдан бері қолданыстағы электронды су өлшеу қондырғысы да тиімділігін дәлелдеді. Шаруалар жерді лазерлік әдіспен тегістеп, су шығынын айтарлықтай азайтты. Осы технологияның арқасында алқапты суаруға қажет су көлемі жыл сайын қысқаруда.

Аймақ диқандары жоңышқа өсіру мен тұқым дайындауда да озық технологияларды пайдалануды жоспарлауда. Өткен жылы шаруашылықтар 5 пайызбен шамамен 10 млрд теңгеге жуық несие алса, биыл мемлекет тарапынан 23,5 млрд теңге бөлініп, оның 12 млрд теңгеден астамы шаруашылықтарға үлестірілген. Былтыр өңірде 11 инвестициялық жоба іске асырылып, 77 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биыл тағы 14 жоба аясында 100-ден астам адамға жұмыс орны ашылмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылы су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 4 400 гектарға жетсе, биыл бұл көрсеткішті 9 200 гектарға дейін арттыру жоспарланған.

Аймағымыздың күріш ауыспалы егістіктерінде су үнемдеудің ең тиімді жолы – жерді лазерлік тегістеу. Топырақ беті ±5 см дәлдікпен тегістелген алқаптарда өнімділік 30%-ға артқаны және су 20%-ға үнемделгені анықталды. Биыл тегістелген жер көлемін 60 мың гектарға жеткізу үшін шаруашылықтарға 202 жер тегістегіш құрал-жабдық берілген.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: