Сәрсенбі, 01 мамыр, 05:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Малдың бәрін сыртқа шығарып жібердік»: Қайрат Нұртас

13.07.2023

496 0

Қайрат Нұртас алыс ауылдарда сахна болмағандықтан, қорада концерт қойған кездерін еске алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Енді мен Қазақстанның түкпір-түкпірінде болдым. Бүкіл ауылдарда… Концерт қоймаған жерім жоқ. Тіпті, кейбір жерлерде сахна болмай, қорада концерт қойған кезім болды. Қорадағы бүкіл малды сыртқа шығарып, су сеуіп, сыпырып, тап-таза қылып, сиыр, қой асырайтын жерлерде концерт қойдым. Ең қызық оқиғаға Ақтауда болды. Ақтаудың арғы жағында бір қала бар, атын ұмытып қалдым. Ол жақта шыбын өте көп, күн қатты ыстық екен. Телефонда байланыс та ұстамайды. Гастрольде жүргеніме 27 күндей болған. Түр әбіржіп кеткен. Өзім рульдемін. Анам қасымда. Жаңағы жерде концерт қойып жатырмын. Өзім әппақ киіммен шыққанмын. Үшінші әнімде су тер болдым. Шыбын көп, халықтың буы… Судан шыққан тауық мен боламын ғой (күлді). Ең қызықты концерт сол жерде болған», – деді Қайрат Нұртас.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: