Жексенбі, 05 мамыр, 10:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар

16.10.2023

580 0

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындарының оқушы, студеттері үшін «Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренингтің мақсаты – нашақорлыққа байланысты проблемаларды анықтау және есірткі мен басқа да психоактивті заттарды алғашқы қолданудың алдын алу.
Есірткіге тәуелділіктің алдын – алудың басты ерекшелігі-жасөспірімдерге психоактивті заттарды қолданудың әлеуметтік салдарларын түсіндіру, себебі медициналық салдары туралы жасөспірімдер біледі. Профилактикалық жұмыстың ең тиімді әдісі тренинг сабақтары болып табылады.
Семинар-тренинг жастар мен жасөспірімдер аудиториясымен жұмыс істеудің негізгі әдістемелік талаптарын ескере отырып, аудиториямен «тең дәрежеде» қарым – қатынас жасалуды қолданылды.
Кездесу барысында, балалардың нашақорлық проблемасы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, нашақорлыққа көзқарасын өзгерту, «Есірткіге жоқ!» деп айта білу және денсаулықты сақтауға уәждемені қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Семинар-тренингтерге 2000-нан астам оқушы, студент қатысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: