Бейсенбі, 02 мамыр, 21:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Жастар есірткіге қарсы!» флешмоб байқауы өтті

02.10.2023

244 0

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан облыс көлеміндегі оқу орындары арасында «Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен флешмоб байқауы ұйымдастырылды.
Байқау мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға баулу болып табылды.
Флешмобқа қатысушылар өз билерінде есірткіге деген теріс көзқарасты, салауатты өмір салтын ұстануға шақыруды көрсетті. Іріктеу байқаулары облыс өңірлерінде өткізілді. Екінші кезеңге облыстың оқу орындарының 62 командасы қатысты.
Қатысушылардың 15 ынталық танытқан деп шешілсе, 12 команда аймақтық жеңімпаз деп танылды. Облыстық жеңімпаздар: Сырдария ауданы N131 орта мектеп – 1 орын, Арал ауданы N220 орта мектеп – 2 орын, Қызылорда қаласы N198 мектеп-лицей – 3 орын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: