Сейсенбі, 03 наурыз, 23:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Жеке мектеп ғимаратын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

03.03.2026

66 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Р.Әліарыстанұлы атындағы жеке мектепті мемлекеттік меншікке алу бойынша меморандумға қол қою рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, селекторлық режимде қала, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы атқарылған ауқымды жұмыстарға, соңғы жылдары бюджет қаржысының басым бөлігі әлеуметтік салаға, оның ішінде білім саласына бағытталғанына тоқталды.

Жеке мектеп ғимаратын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

«Өңірімізде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен тың бастамалар жүзеге асырылуда. Жас ұрпақтың сапалы білім алуы – жұмысымыздың басты басымдығы. Білім беру саласына соңғы 3 жылда 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 302 млрд. теңге қаралды.

Бөлінген қаржының түпкілікті мақсатқа жетуін қадағалаудың нақты шараларды қабылданған. 2023 жылдан бері «Фейс-бақылау» мобильдік қосымшасы қолданысқа енгізіліп, балабақшаларға жалған тіркелген 19 263 бала анықталды, 28 млрд. 100 млн. теңге үнемделді. Емхананың жалған анықтамасын тіркеу, негізсіз демалыс күндерін анықтау есебінен 6 млрд. 700 млн. теңге бюджетке қайтарылды.

Облыста демографиялық өсім мен халықтың көшіп-қону белсенділігі жоғары болғандықтан, оқушы санының жыл сайын артқаны байқалады. Жаңа оқу жылында 1-11 сыныпта 189 288 оқушы тіркелді, өткен оқу жылымен салыстырғанда 4 364 балаға көбейген.

Осы ретте орын қажеттілігі жеке инвестиция есебінен де шешімін табуда. Жеке секторға мемлекет тарапынан қолдау жасалған. Біз өз кезегімізде таза, шынайы жұмыс істейтін кәсіпкерлерді үнемі қолдап келеміз.

Өткенде мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2023 жылдың қыркүйегінде ашылған «Oрда скул-2» жеке мектебін мемлекет меншігіне сыйға берді. Бүгін де дәл сондай игі істің куәсі боламыз.

Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру. Өскелең ұрпақ тәрбиесімен айналысатын барша бастамаларыңызға сәттілік тілеймін және ортақ жұмысты бірлесіп атқаруға шақырамын!» – деді Н.Нәлібаев.

Жеке мектеп ғимаратын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Рәсімде облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов пен Р.Әліарыстанұлы атындағы жеке мектептің құрылтайшысы Шәркүл Иманбердиева мектеп ғимаратын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен бірге Шәркүл Иманбердиева, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов, «Ұлағат» мектебінің құрылтайшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалқазбек Әжібеков сөз сөйлеп, жас ұрпаққа сапалы білім берудің маңыздылығына тоқталды.

Айта кету керек, өткен жылы өңірде 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салынып, пайдалануға берілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: