Сәрсенбі, 30 сәуiр, 14:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

1 мамырдан бастап не өзгереді?

30.04.2025

85 0

Фото: коллаж BAQ.KZ

Қазақстандықтардың өмірінде 1 мамырдан бастап не өзгереді? BAQ.KZ тілшісі шолу жасапты.

Мамыр айында қандай мемлекеттік мерекелер бар?

Мамыр айында Қазақстан үш маңызды мемлекеттік мерекені атап өтеді:

• 1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
• 7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушы күні;
 9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні.

Бұл күндердің барлығы ресми демалыс күндері. Сондықтан әдеттегі сенбі-жексенбіге қосымша бірнеше демалыс күндері қосылады.

Үйге кезек пен өтінішті Отбасы банк қабылдайды

24 мамырдан бастап барлық кезекте тұрғандар мен жаңа өтініштер «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электронды жүйесіне өтеді, оны Отбасы банкі басқарады.

Жаңа жүйе:

  • Жылжымайтын мүліктің бар-жоғын автоматты түрде тексереді;
  • Отбасының жағдайы мен мәртебесін талдайды;
  • Адамдар қатыспайтын тізім құрастырады, бұл сыбайлас жемқорлық пен қателіктерді болдырмайды;
  • Тұрғын үйді бөлу процесін реттейді.

Жаңа рейс ашылады

1 мамырдан бастап төмендегідей бағыттар бойынша рейстер іске қосылмақ:

«Алматы – Семей – Алматы» – аптасына үш рет, «Астана – Семей – Астана» – аптасына бір рет.

1 маусымнан бастап «FlyArystan» әуе компаниясы «Шымкент – Семей – Шымкент» жаңа бағытын ашады. Рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап «Скат» әуекомпаниясы «Алматы – Үржар – Алматы», «Астана – Үржар – Астана» рейстерін аптасына 6 рет орындай бастайды.

Жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді

● емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады;

● өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталатын болады;

● 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.

Оқу жылы аяқталады

1 сәуірден бастап оқу жылының IV тоқсаны басталады. Төртінші тоқсанда оқушылар 8 оқу апта оқиды. Сөйтіп 25 мамырда оқу жылын қорытындылайды.

Негізгі ҰБТ басталады

ҰБТ тестілеуі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер екі мүмкіндікті пайдаланып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (http://app.testcenter.kz) немесе UTO.kz қосымшасы арқылы қабылданады. Талапкерлер өздерінің тестілеу күнін, уақытын және пунктін таңдауға мүмкіндік алады, бірақ бейіндік пәндер бойынша бір ғана комбинацияны таңдайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: