Жұма, 10 мамыр, 21:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

22 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

22.02.2024

549 0

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Бүгін қарым-қатынас орнату үшін өте қолайлы күн. Мүмкін, ол сіздің ұзақ жылдар бойы танитын адамыңыз болуы мүмкін. Жаңа нәрселерге ашық болыңыз, бірақ тым араласпаңыз.

Торпақ

Күн романтикаға толы махаббатты еске түсіруі мүмкін: жаңа адаммен танысып, сөйлесу, серуендеуге бару. Ғашық болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Егіздер

Айналаңыздағы адамдар туралы көбірек білуге тырысыңыз, бірақ тым беріліп әңгімелесуден аулақ болыңыз. Қарым-қатынас пен түсіністікті жақсарту үшін күмәндарыңызбен, идеяларыңызбен және ойларыңызбен бөлісіңіз, бірақ жақын адамдарыңызды сынамаңыз, өсек айтпаңыз немесе өзіңізді дәлелдеуге тырыспаңыз.

Шаян

Сүйіктіңізбен арадағы сезімді түсіну маңызды болады, бұл сізге сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Арыстан

Қарым-қатынасыңыздың беріктігін және жақсы көретін адамыңыздың сезімін тағы бір рет тексеру артық етпейді.

Бикеш

Бүгін романтикалық кездесу өткізуге қолайлы күн.

Таразы

Сүйіктіңізге қоңырау шалып, ол тұтқаны көтермесе, хабарлама қалдырыңыз. Кейінірек қайта хабарласып көріңіз.

Сарышаян

Күн өте эмоционалды және шиеленіске толы болуы мүмкін: қарым-қатынаста қиын жағдайлар орын алса, эмоционалдық энергияңызды босқа жұмсамаңыз. Ол жақында қалпына келеді және жақсы көретін адамыңызбен қарым-қатынаста өзіңізді жайлы сезінесіз.

Мерген

Бір-біріңізді сыйлап, бақытқа қадам басыңыздар.

Тауешкі

Егер сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңыз шырғалаңға түсіп, шешімін таппай жүрсеңіз, бірнеше айға үзіліс алыңыз. Бұл оңаша қалып, барлығын қайта дұрыстап ойлануыңызға көмектесері сөзсіз.

Суқұйғыш

Сүйікті адамыңызға деген қызығушылықты жоғалтуыңыз мүмкін – бұл қарым-қатынасыңызды өзгерту керектігінің белгісі.

Балықтар

Бүгін сүйіктіңізбен арада салқындық пайда болмас үшін біраз еңбектенуіңізге тура келеді. Бәлкім, тосынсый жасағаныңыз дұрыс болар!

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Отбасыңызбен уақыт өткізуге тырысыңыз. Мысалы, жақын адамдарыңызбен әңгіме-дүкен құрып, кешкі ас ішіңіз немесе көңіл сергітіп қайтыңыздар.

Торпақ

Ата-анаңызға да бір сәт көңіл бөліңіз. Олар немерелерін қарау үшін көмекке мұқтаж болуы мүмкін. Көмек сұрау достық байланыстарыңызды нығайтады.

Егіздер

Мықты болыңыз: отбасылық мәселелер шыдамдылық пен төзімділікті қажет етеді.

Шаян

Отбасыңызда шыдамдылық танытып, балаларыңызбен жылы қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз. Жақын адамдарыңызды психологиялық тұрғыдан жақсы түсініп, оңай сөйлесе аласыз.

Арыстан

Бүгін отбасыңызбен ортақ тіл табу өте маңызды. Олардың қызығушылықтары мен талғамдарын ескеріңіз, таңдау жасауға немесе пікір білдіруге мүмкіндік беріңіз. Ең дұрысы, сын айтпауға тырысыңыз.

Бикеш

Бүгін жақындарыңызға қамқорлық жасап, олардың демалуына және жай ғана жайлы атмосферада сөйлесуіне мүмкіндік жасауға тырысыңыз.

Таразы

Сіздің өзімшілдігіңіз бен немқұрайлылығыңызды жақындарыңыз кешірмейді, абай болыңыз.

Сарышаян

Жасөспірім балаларыңыз туралы қиын шешімдер қабылдауға дайын болыңыз. Біреулер кеңес айтып жатса, еріп кетпеңіз, себебі кейбірі тым асығыс болуы мүмкін.

Мерген

Жақындарыңыздан олардың жұмысы, оқуы туралы сұрап, қамқорлық көрсетіңіз. Қажет болса, көмектесу де артық етпейді.

Тауешкі

Отбасылық қарым-қатынасқа назар аударыңыз. Бауырларыңызға қолдау көрсетіңіз, отбасылық бос уақытты талқылаңыз. Демалыс күндері отбасымен кешкі асқа немесе табиғат аясына шығыңыздар.

Суқұйғыш

Егер отбасыңызда қаржылық қиындықтар болмаса, интерьерді жаңартуды немесе үйге арналған жабдықты сатып алуды бастауға болады. Бұл барлығыңызға ұнары сөзсіз.

Балықтар

Жақындарыңыз бен туыстарыңызды спорттық іс-шараларға шақырыңыз: бассейн, футбол, теннис. Бірге ләззат алып, тамаша көңіл күйге бөленесіз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: