Бейсенбі, 23 қыркүйек, 14:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77 (1777)
21.09.2021
PDF мұрағаты

Әкім сайлауы: Қазақстан бойынша сайланатын 730 әкімге қанша адам дауыс береді

25.07.2021

380 0

Елімізде бүгін өтіп жатқан ауыл, ауылдық округ, кент және аудандық маңызы бар әкімдерін сайлауға 14 облыстағы дауыс беруге құқылы халықтың 13 пайызы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық сайлау комиссияларының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Аумақтық сайлау комиссияларының деректері бойынша дауыс беруге 1 209 817 сайлаушы қатысады. Бұл 14 облыстағы сайлаушылардың 13% – ы деген сөз. Олар осы сайлауға деп жасақталған 1847 сайлау учаскесінде бүгін өз таңдауларын жасап, ел тарихында тұғыш рет өз әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы таңдайды. Бұған дейін де хабарлағанымыздай, аталған 730 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылған. Солардың 2297-і тіркеуден өткен. Кандидаттардың басым бөлігі – өз-өзін ұсынушылар. Сайлау туралы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен түзетулердің арқасында ауыл әкімдерінің сайлауына түскісі келетін үміткерге өз-өзін ұсыну мүмкіндігі берілген болатын. Осы мүмкіндікті бұл жолғы сайлауда 1419 адам пайдаланып отыр. Сондай-ақ, 878 үміткерді Әділет министрлігінің тіркеуінде бар 6 саяси партия ұсынған. Халықтың дауыс беруі арқылы әкім болғысы келетіндердің гендерлік құрамына келсек, ер үміткерлердің саны –1839. Солармен бірге 458 әйел үміткер бағын сынап жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: