Жексенбі, 08 желтоқсан, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Алаяқтардан сақтану маңызды

10.04.2022

534 0

«Соңғы уақытта қала тұрғындарының үй және ұялы телефондарына белгісіз  тұлғалар хабарласып,  өздерін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырып, жалған ақпаратпен Сіздің балаңыз немесе жақыныңыздың  атын атап және оның «есірткімен  ұсталғаны жөнінде хабарлап қылмыстық жауапкершіліктен босату мақсатында қомақты қаржы талап етеді»        

Алуан түрлі айласы бар алаяқтардың басым көпшілігі қарт адамдарды таңдайды және босату келісімен келіскен жағдайда, ешкімге айтпауды бұйырып, келісілген қаражатты «KIWI кошелёк» арқылы аударуды тапсырады.        

Осы тектес оқиғалардың құрбаны болмас үшін, бірінші кезекте аты – жөні аталған жақындарыңызбен балаларыңызға хабарласқаныңыз және олардың нақты аман екеніне көз жеткізуіңізді сұраймыз. Егер сол сәтте ұялы телефоны сөндірулі немесе байланысу мүмкіндігі болмаған жағдайда «112 арнасына» хабарласып, қажетті ақпараттар алуға болады.        

Полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылықпен ұсталған тұлғалардан ақша талап етпейді.  Тек алаяқтар пайда табу үшін азаматтардан ақша алудың осындай «әдісін» қолданады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: