Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Демалыс орталығына айналды

05.12.2021

844 0

Пандемия кезеңінде той-томалақтар мен мерекелік жиындар азайып, қаладағы кафе мен тойханалардың біразы қызметін тоқтатқаны мәлім. Дегенмен, кейбіреулері заман талабына сай қызметін ауыстырып, шағын отбасылық демалыс ойын-сауық орталық болып қайта бағытталды.

Олардың бірі – қала орталығында орналасқан «Иманбаева» ЖК атындағы «Ханшатыр» мейрамханасы. Көпшілік демалыс орындарының жұмысы шектелген соң нысан санитарлық тазалықт алаптарын сақтай отыра, шағын отбасылық іс-шараларды өткізуге және демалыс күндері бос уақытты көңілді өткізу бағытында қызмет көрсете бастады. Шілде айында ғимарат ішінде реконструкция жұмыстарын жүргізіп, балалар ойын алаңы мен қажетті құрал-жабдықтарды орнатқан болатын. Осылайша қала тұрғындарына демалыс күндері сақтық шараларын сақтай отыра, бой сергітіп, көңіл көтеруге жағдай жасады.

Сондай-ақ, мейрамхана иелері қайырымдылық көмек көрсету мақсатында ай сайын бір-екі күн арнайы толық емес отбасы балалары мен көмекке мұқтаж отбасылар үшін тегін қызмет көрсетуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: