Сенбі, 18 қазан, 08:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Импорттық етке жол ашыла ма? Сарапшылар пікір білдірді

17.10.2025

195 0

Фото: Ru.freepik.com

Қазақстанда ірі қара мал етін импорттауға салынатын кедендік баж мөлшерлемесін нөлге дейін төмендету ұсынылуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев бұл бастама ауыл шаруашылығына елеулі залал келтіруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық фермерлер ет импортына салынатын баж салығын алып тастамауды сұрап отыр. Етке нөлдік кедендік баж енгізу туралы ұсыныс отандық ет өндірушілер мен қоғам белсенділерін алаңдатып отыр.

“Біз мұнда Өзбекстанның тәжірибесін қайталау қаупі төніп тұр. Ол кезде олар баж салығын алып тастап, импорттық ет әкеліп, мәселені уақытша шешкенімен, ірі қара еті бойынша отандық өндірушілерін жойып алды. Қазір олар сол импортқа толық тәуелді. Азық-түлік қауіпсіздігі – бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі, сондықтан біз мұндай баждарды нөлге дейін төмендетуге қарсы боламыз”, – деді ол.

Аграрлық сала сарапшысы Кирилл Павловтың айтуынша, ең бастысы – қай елден және қандай ет әкелінетіні нақты түсінікті болуы керек. Оның пікірінше, шетелден арзан, жоғарғы санатқа жатпайтын ет әкелінуі қазақстандық тұтынушылар үшін тиімді болмақ.

“Біздің қайта өңдеушілер арзан шикізатқа қол жеткізеді. Егер олар үстінен орынсыз пайыз қоспаса, онда бізде шұжық, консервіленген ет және басқа да ет өнімдері салыстырмалы түрде арзан болады. Бірақ бұл әсердің қанша уақытқа созылатыны және қайта өңдеушілердің артық пайдаға ұмтылмай, қаншалықты адал жұмыс істеуі – бөлек мәселе”.

Еліміздегі Ет одағының төрағасы Мақсұт Бақтыбаевтың пікірінше, ет импортына нөлдік кедендік баж енгізу – мәжбүрлі шара. Оның айтуынша, елде экспортты толық ашып, ет бағасын импорт арқылы реттеу қажет. Мұндай жағдайда тұтынушы арзанырақ ет сатып алады, ал пайда тек делдалдар тарапынан азаюы мүмкін.

“Менің ойымша, бұл кеш қабылданғанымен қажет шара. Бұл экспортты одан әрі шектеп тастағаннан жақсы. Егер қазір Үкімет нарықты және бағаны реттеу үшін дұрыс қадамдар мен тиімді тетіктерді қолдана бастаса, бәрі риза болады. Экспортқа рұқсат беру керек, ал импортты реттеу қажет. Бұл қысқа мерзімде отандық өндірушілерге еш әсер етпейді, олардың жағдайы қазірдің өзінде қалыпты”, – дейді Мақсұл Бақтыбаев.

Сала өкілінің айтуынша, Үкімет нақты есеп жүргізіп, елге қанша көлемде импорт әкелуге болатынын анықтауы тиіс. Өйткені ішкі нарық толық қамтылғанша, бұл жүйе тиімді жұмыс істейді. Ал нарық етке қаныққан кезде, баж салығына қатысты мәселені қайта қарау қажет болады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: