Сәрсенбі, 24 сәуiр, 15:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Газға қосылу бағасы 100 мыңға дейін түседі

06.06.2022

971 0

Елордада газ желісіне қосылу қызметі үш есеге арзандайды. Бұл туралы «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жәркешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, бұған дейін газға қосылу жұмыстарын «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы атқарған.
Ал 1 қаңтардан бастап осы қызмет бәсекелестік ортаға берілді. Сөйтіп, кәсіпкерлер газды тарту жұмыстарын атқаруға кірісті. Бірақ баға бірден шарықтап кетті.

«Бәсекелестікті қорғау агенттігі бәсекелестікті қиындатып жатырсыңдар деп, бізге тоқтатып тастады. Қазір олардың тарапынан түсіністік бар, «ҚазТрансГаз Аймақтың» қайтадан осы нарыққа келіп, газға қосылумен айналысатынын қолдап отыр. Содан баға түседі деп үміттенеміз. Біздің қызметіміздің бағасы – 113 мың теңге», – деді Жәркешев журналистерге берген сұхбатында.

Компания басшысының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде кәсіпкерлер 400-450 мың теңге алады.

Ал «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы қайтадан бәрін өз қолына алса, осы қызметтің бағасы үш есеге төмендейді.

«Енді, баға үш есеге түседі деп айтуға болады. Қазақстан бойынша бекітілген бір баға болады», – деп атап көрсетті Жәркешев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: