Сейсенбі, 08 шiлде, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49,2162
05.07.2025
PDF мұрағаты

Картоп арзандауы мүмкін

08.07.2025

53 0

Фото: АШМ

Биыл елімізде картоп егу алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM ақпараттық агенттігі

– Сауда және интеграция министрімен бірқатар отырыс өткіздік, қазір де бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Егер баға шектен асып кетсе, біз сатушыларға белгілі бір мөлшерде айыппұл саламыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министр келтірген мәліметке сүйенсек, биыл картоп егу алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылды.

– Биыл менің ойымша, мол өнім болып, картоп жеткілікті көлемде жиналады. Күзде баға төмендейді деп ойлаймын, – деген болжам жасады ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, маусымда елімізге кедендік бажсыз картоп импорттауға мүмкіндік берілді.

Сондай-ақ картоп бағасын өсіргендерге айыппұл салынатыны айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: