Жұма, 03 мамыр, 05:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда такси бағасы 9 пайызға қымбаттады

19.01.2024

346 0

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

2023 жылғы желтоқсанда такси өткен жылмен салыстырғанда 9,1% қымбаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Өңірлерде баға өскенін, әсіресе Алматы тұрғындары сезді. Себебі мұнда такси бағасы бір жылда 30,3% қымбаттаған. Екінші және үшінші орындарда 22,1 және 17%-бен Ақтөбе мен Абай облыстары тұр. 

Такси бағасы айтарлықтай қымбаттамаған өңір – Маңғыстау облысы (1,2%). Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында баға бұрынғыша қалған.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында такси қызметін көрсететін компаниялардың табысы бір жылда 17%, 5,9 млрд теңгеге дейін артқан. 

Осы кезеңде такси қызметін 47,4 млн адам пайдаланды. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2% төмен. Жолаушы айналымы 44%, 1,4 млрд шақырымға дейін қысқарған. 

Қаңтар-қараша аралығында такси қызметі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 751,9 млн теңгеге жетті. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш 495,1 млн теңге еді. Инвестицияның жылдық өсімі 51,8% болып тұр. 

Ең көп инвестиция Алматы облысына салынды – 360,6 млн теңге, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,9 есе көп. Қазақстандағы өңір үлесі – 48%. 
Numbeo дерегінше, биыл 15 қаңтардағы жағдай бойынша стандарт тарифпен 1 шақырым жүруді есептегенде ең қымбат такси Швейцария (4,63 доллар), Люксембург (3,29 доллар) пен Кувейтте (3,25 доллар) тіркелген. 

Қазақстандағы такси құны 0,61 доллар болды. Бұл – ТМД елдері ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Әзербайжанда стандарт тарифпен бір шақырым жол жүру – 0,59 доллар, Ресейде — 0,34 доллар, Украинада — 0,32 доллар, Беларусияда — 0,31 доллар, Армения мен Өзбекстанда — 0,3 доллар болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: