Сәрсенбі, 08 қазан, 14:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Мәдениет және ақпарат министрі қоғамдық бақылауды күшейтуге шақырды

08.10.2025

108 0

Фото: Анеля Өсерхан/BAQ.KZ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көптеген қоғамдық мәселені шешудің кілті – мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылында, сондай-ақ халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруда екенін айтты. Бұл туралы ол Астанада үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәселелер мен сұрақтар өте көп. Ең бастысы қоғаммен өзара іс-қимыл арқылы атқарылатын жұмыс. Қоғамда көптеген мәселе құқықтық және қаржылық сауатсыздықтан туындайды. Көптеген сұрақ сапалы шешілмейді. Өйткені адамдар белгілі бір функцияларды үкіметтік емес ұйымдар орындай алатынын білмейді, – деді министр.

Аида Балаеваның айтуынша, қоғамдық сананы жаңғырту – азаматтармен тұрақты ақпараттық қолдауды және ашық диалогты қажет ететін маңызды үдеріс. Ол көптеген жобалар өңірлік және орталық деңгейде жүзеге асырылып жатқанымен, олардың бәрі де мақсатты аудиторияға жете бермейтінін атап өтті.

Біз әрдайым ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту, халықпен кері байланысты жақсарту және іске асырылып жатқан жобалардың мәнін түсіндіру мәселесін көтеріп келеміз, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Министр сондай-ақ қоғамдық маңызы бар жобалардың жүзеге асырылу сапасына бақылауды күшейту қажеттілігіне назар аударды. Оның айтуынша, бұл мақсатта елімізде барлық деңгейде құрылған қоғамдық кеңестер институты жұмыс істейді.

Бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың жұмысының сапасына мониторинг жүргізу ғана емес, сонымен қатар жеке институт – қоғамдық кеңестер бар. Олардың заңмен бекітілген жеті функциясы бар. Осы әлеует қалай пайдаланылады? Бұл кеңестердегі қоғамдық ұйымдардың өкілдігі қандай деңгейде?,- деп сұрады министр.

Оң үлгі ретінде Павлодар облысын мысалға келтірді. Онда қоғамдық кеңес толығымен азаматтық қоғам өкілдерінен құралған.

Дәл осындай нәтижелерге біз барлық деңгейде қол жеткізуіміз керек. Қоғамдық кеңестер өз функцияларын тиімді орындап, жұмыс тиімділігіне бақылау жасау тұрғысынан мемлекеттік органдардың да, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асырып жатқан үкіметтік емес ұйымдардың да қызметін бағалауы тиіс, – деді Аида Балаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: