Сәрсенбі, 24 сәуiр, 06:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Полицей – чемпион

10.04.2022

481 0

Бүгінгі күннің нағыз чемпионы – Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы, полиция лейтенанты Нұршат. Нұршат Аманқосов кикбоксинг, панкратион, жекпе-жек, әмбебап жекпе-жектен бірнеше рет жүлдегер атанған.

Ақтау қаласында биыл 23.03-27.03 аралығында ерлер, әйелдер және жастар арасында әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионаттың қорытындысы бойынша Аманқосов Нұршат жүлделі I-орынды иеленді. Бұл чемпионатта Нұршат түрлі облыстардың екі өкілімен сайысқа түсті. Бірінші жекпе-жек Атыраудың күресшісімен өтті, Нұршат 4-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ал чемпионаттың басты жекпе-жегінде Қызылордалық палуан бірінші раундтың бірінші минутында жергілікті Ақтаулық балуанды нокаутпен жеңді. Полицей Нұршат Аманқосов қарсыластарының арасында жауынгерлік рухымен көзге түсіп, Қызылорда облысын мақтанышпен танытты.

Нұршаттың әкесі – Мамбаев Аманкос Ералыұлы, ол бұрындары бокстан жаттықтырушы болған, 5 жасында ұлының спортқа деген қызығушылығын байқап, бірден өз қатарына алған. Жас кезінен бастап бокстан әуесқой клубқа қосылып, Нұршат үлкен спортқа шындап араласа бастады. 15 жасында мамандандырылған спорт мектебіне түсіп, жаттықтырушы – Акимов Олжастың жетекшілігімен түрлі халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие бола бастады.

Нұршаттың өзі былай дейді: «Менің басты тәлімгерім – әкем. Ол спортқа деген сүйіспеншілігімді оятып, маған үлгі болды. Мен мамандық таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарадым, бала кезімнен спортпен шұғылдану мені шынықтырып, бойымдағы батылдылдықты арттырды. Мен үшін спорт пен қызмет – біртұтас, қазір мен өмірімнің екі негізгі аспектісін сауатты ұштастырып келемін. Менің үлкен ағам – Мамбаев Алмат Аманқосұлы полиция капитаны ҚР ІІМ Байқоңыр қаласының өкілдігінде қызмет жасайды. Оған қарап, мен әрқашан қызығатынмын, осылайша менің ең жақын адамдарым мамандық пен хобби таңдауыма тікелей әсер етті»

«Бізге, жедел әрекет етудің арнайы жасағының қызметкерлері үшін өзімізді тонуста ұстау өте маңызды. Қазіргі таңда жұмыс пен жаттығуларды қатар алып жүру қиын емес, себебі жұмысымның басым бөлігі осы жаттығулар құрайды және бұл мен үшін екі есе пайдалы», – дейді Нұршат.

Қызмет мықты физикалық дайындықты және батыл мінезді қажет етеді. Нұршаттың кәсіби және спорттық жетістіктерін жұмыстағы әріптестері мақтан тұтады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қатарында тек іріктелген адамдар қызмет етеді. Олар үшін қызмет пен спорт өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: